Жас қыз нәрестесін 1,5 мың долларға сатпақ болған

Ulysmedia
Ашық дереккөз

Қарақалпақстанда үш жасар қызын сатпақ болған 22 жастағы бойжеткен ұсталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі азаматтың бала үшін 1500 доллар алуды жоспарлағанын мәлімдеді.

Полиция күдіктіні 5 сәуір күні Нөкіс қаласында ақша алып жатқан жерінде заттай айғақтармен ұстады.

Ұсталған адамға адам саудасы бойынша айып тағылды. Бала балалар үйіне орналастырылды.