Маңғыстау облысында полиция қызметкерін балағаттаған әйел жазаланды

Ulysmedia

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны полицейді балағаттап, жазаланды. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Басылым әйелдің өз үйінің ауласында мас күйінде болып, өзін жөнсіз ұстағанын мәлімдеді.

Көршілері полиция шақырған. Ауыл тұрғыны тәртіп сақшыларының біріне балағат сөздер айта бастаған.

Оған хаттама толтырылды.

Сот азаматты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен (Билік өкілін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлау) кінәлі деп таныды.

Ол 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.