Елордада ауа райына байланысты құтқару бөлімшелеріне 3500-ден астам қоңырау түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
“Ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және ағымдағы тәулікте 112 желісіне 3500-ден астам қоңырау түсті. Астана қаласы ТЖД бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, онда қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялады, адамдарды қалаға жеткізді”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск.
Айта кетейік, бұдан бұрын порталымыздың тілшілісі Астананың қар басқан көшелерін аралап, коммуналдық қызмет көліктері мен жұмысшыларын кезіктіре алмаған болатын.