×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ресейліктер Jah Khalib-тің концерттеріне тыйым салуды талап етті

18.04.2023, 10:51
әлеуметтік желіден

Ресейлік депутаттар, журналистер және тіпті кейбір рэперлер Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымына байланысты қазақстандық әртіс Бақтияр Мамедовтың (Jah Khalib) концерттерін өткізуге тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Jah Khalib бір жылдан астам уақыт бойы соғыс жағдайында өмір сүріп келе жатқан украиндарға бірнеше рет таңданысын білдірген. Мысалы, 2022 жылдың ақпан айында, Ресей алғаш рет басып кірген кезде, өнер иесі әлеуметтік желілерде Киевте екенін және бас сауғалауға мәжбүр екенін жазған.

"Аманбыз, саумыз, даурықпаймыз. Біз ешқайда қашпаймыз. Украиндар, мен сіздерді жақсы көріп қана қоймай, шынайы тәнті екенімді айтқым келеді", - деп жазды әнші.

Ресей депутаттары оның Украинаға және тұрғындарына деген сүйіспеншілігіне назар аударды. Мысалы, Мемлекеттік Думаның депутаты Яна Лантратова Мәскеу мэрі мен Санкт-Петербург губернаторынан Jah Khalib-тің жоспарланған концерттерін өткізуге тыйым салуды талап етті.

"Jah Khalib бүркеншік атымен танымал Бақтияр Мамедов 23 сәуір мен 25 қарашада Мәскеуде, 25 сәуірде Санкт-Петербургте концерттер өткізуді жоспарлап отыр. Рэпер сториске Киевке келгенін және бас сауғалап жүргенін, ал украиндықтарды жай ғана жақсы көрмей, оларға шынайы тәнті екенін жазды. Алайда ол ақшаны Ресейде тапқысы келеді. Ісі мен сөзі сай емес", - деп жазды депутат.

Бақтияр Мамедовтің Ресейде өтетін концерттерін тоқтату туралы ресейлік рэпер Аким Апачев те айтты.

"Мәскеуде биыл Jah Khalib – Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпердің екі концерті жоспарланған. Ау! Кремльде бірден Зеленскийдің концертін ұйымдастырсақ қайтеді? Біздің елге нұқсан келтіретіндердің бәрін қуу керек. Жау жаулығын істейді, ол Мәскеудегі концерт үшін аяқ астынан одақтас бола алмайды", - деді Апачев.

Ресей Федерациясының ресми ақпарат құралдары қазақстандық әртістің концерттеріне билеттер әлі де сатылымда екенін жазып жатыр. Концерттер 23 сәуірде Мәскеуде және 25 сәуірде Санкт-Петербургте жоспарланған.

Айта кетейік, Бақтияр Мамедов бірнеше жыл бұрын ұзақ шығармашылық дағдарыстан кейін Киевке көшіп кеткен.

Серіктес жаңалықтары