×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

500-ден астам күйік мүйізін сатып алған маңғыстаулық 7 жылға сотталды

19.04.2023, 08:02
500-ден астам күйік мүйізін сатып алған маңғыстаулық 7 жылға сотталды
Фото: дереккөзден

Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйізінің 500-ден астам данасын сатып алған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мой город» порталының жазуынша, істі Бейнеу аудандық соты қарады.

«Тергеушілердің мәліметінше, 26 қаңтарда Маңғыстау тұрғыны 144 келі (527 дана) киік мүйізін сатып алған. Ол мұйіздерді үстіне ақша қосып, қымбатқа сатуды жоспарлаған, бірақ оның ойы іске аспады. Сот ер адамның мәміле кезінде немесе одан кейін ұсталғанын нақтыламады», - делінген хабарламада.

Ерекше iрi залал келтiре отырып, жануар қалдықтарын заңсыз сақтап және сатумен айналысқаны үшін 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Прокурор айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сот ер адамды кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған бес жылға аң аулауға тыйым салынды», - делінген хабарламада.