Қазақстан банктері байи түсті

Ғалиасқар Думан

2023 жылдың наурыз айында Қазақстан банктерінің активтері 967 млрд теңгеге өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі мәлім етті.

"Қазақстан банктерінің активтері наурыз айында 967 млрд теңгеге өсіп, 2023 жылғы 1 сәуірге 45 трлн теңгені құрады, берешектер 898 млрд теңге өсіп, 39,3 трлн теңгеге жетті", - делінген банк есебінде.

Құжатқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің капиталы 2023 жылдың 1 сәуірінде жыл басымен салыстырғанда 8,7%-ға – 5, 68 трлн теңгеге дейін өсті.