Мыңдаған израильдік Тель-Авивте тағы да наразылыққа шықты

Ulysmedia

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен оның саясатына қарсы наразылық шеруіне бірнеше мың израильдік қосылды. Сенбі күні тағы бір шеру өтті. Бұл туралы reuters.com сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Израильдіктер 16 аптадан бері сот реформасы жобасына наразылық білдіріп жатыр.

Бұл жолғы наразылық шарасы да Израильдің Тәуелсіздік күні мен Израиль соғыстары мен лаңкестік шабуылдарында қаза тапқандарды еске алу күнімен тұспа-тұс келді.

«Менің әкем Йом Киппур соғысы кезінде қаза тапты», - деді 53 жастағы фотограф Мири Пинчук Reuters агенттігіне.

«Ол осы ел үшін өмірін қиды, өйткені ол да демократия болатынына сеніп өсті», - деді ол.

Еске салайық, Израиль азаматтары Беньямин Нетаньяху үкіметі мен оның ұсынған сот реформасы жобасына қарсы. Алдағы реформа сот жүйесіне мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейді. Осылайша, Әділет министрлігінің басшысы мемлекеттік тапсырыстарға қатысты барлық мәселелер бойынша Жоғарғы Соттың өкілеттіктерін қысқартуды, сондай-ақ министрлер кабинетіне судьяларды таңдауды бақылау құқығын беруді ұсынды.