×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Amanat депутаты Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес берді

30.04.2023, 10:50

«Аманат» партиясынан Алматы қалалық мәслихатының 8-ші шақырылымының депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетіні туралы екіұшты пікір білдірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Deutsche Welle Украина президенті Владимир Зеленскийдің жоспарлы қарсы шабуылды және аннексияланған Қырымды Украина бақылауына қайтаруды жариялаған сөзін жазған.

Башинская жазба астындағы пікірлер қатарында Зеленскийге кеңес береді.

Депутаттың шағын пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар Башинскаяны Ресей мен Путиннің саясатын қолдады деп айыптап отыр.

Кейін ол тағы бір пост жариялап, жоғарыдағы сөзі үшін барлығынан кешірім сұраған.

«Мен Украина президентінің Facebook-тегі Deutsche Welle мәлімдемесіне терең ойланбай түсініктеме жазыппын, Түркия туралы жазғанда да мен мүлде олай айтқым келген жоқ.

Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын! Мен Украина мен Ресей халықтарына тек бейбітшілік тілеймін. Кешіріңіздер, бұл – менің қателігім. Бұл жағдайға пікір айтуға құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар, мен депутат ретінде ең алдымен оның амандығын ойлауым керек», – деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары