×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қырғыз, тәжік, өзбек үкіметтері шекара мәселесін талқылады

01.05.2023, 13:15
Ашық дереккөз

Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның үкімет делегациялары Қырғызстанның Баткен қаласында кездесу өткізді. Бұл жөнінде министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Ulysmedia.kz.

 

25-29 сәуір аралығында делегациялар Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекеттік шекараларының түйіскен тұсын анықтау мәселесін талқылаған.

Азаттық таратқан ақпаратқа қарағанда, келесі кездесу Тәжікстан аумағында өтеді. Өзге ақпарат айтылмайды.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының ұзындығы 970 шақырым. Қазір 519 шақырымға делимитация және демаркация жасалған. Қалғаны даулы аумақ ретінде қалып отыр.

Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекараның ұзындығы – 1314 шақырым. Бұл Қырғызстанның ең ұзын шекарасы. Былтыр қарашада Қырғызстан мен Өзбекстан 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан шекара дауына нүкте қоятынын мәлімдеген. Тараптар жылдар бойы анықталмай келген 312 шақырым бойынша келісімге келген.

Серіктес жаңалықтары