Референдумды өзбекстандықтардың 90 пайызы қолдаған, өреске заң бұзу деректері де бар

Ulysmedia

Алдын ала мәліметтер бойынша, Өзбекстан Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға сайлаушылардың 84,54 пайызы қатысты, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы ОСК төрағасы Зайниддин Низамхожаев. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Тіркелген 19 722 809 сайлаушының 16 673 189-ы дауыс бергені мәлім болды. Таңдау жасаған сайлаушылардың 90,21 пайызы Конституцияны өзгертуді қолдап, 9,35 пайызы қарсы дауыс берген. Бюллетеньдердің 0,49 пайызы жарамсыз деп танылды.

Кейбір аудандарда өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Зайниддин Низамқожаев бұл заңбұзушылықтарды ОСК жауапты департаменттермен бірлесіп зерттеп жатыр деп сендірді.

Еске салайық, өзбектерге негізгі заңдағы баптардың санын 128-ден 155-ке, ал конституциялық нормаларды 275-тен 434-ке дейін ұлғайту ұсынылды. Жалпы Конституцияны 65 пайызға жаңарту жоспарланған. Реформалар ел президентінің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартуға да қатысты. Өзбекстан азаматтары түзетулерге дауыс берсе, Шавкат Мирзиеевтің президенттік мерзімі нөлге тең болады және ол 2026 жылы үшінші рет сайлауға түсіп, 2042 жылға дейін билікте қала алады.

Бұған дейін референдумға қарсылық білдірген қарақалпақ белсенділерін Қазақстанның күш құрылымдары ұстағаны хабарланған болатын.