Аймақтағы еріктілер қалаға белгілі заңгер Бақыт Үсетовтың жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әкесінің жоғалғаны туралы оның жайсыз хабарды заңгердің қызы жариялады. Оның айтуынша, ер адам соңғы рет 24 сәуір күні байланысқа шыққан.
«Сәлеметсіз бе! Әкем жоғалып кетті, соңғы рет хабарласқаныма бір апта болды. Заңгер болып қызмет ететін, Үсетов Бақыт Сейілханұлы. 30 қараша күні 1970 жылы туған. Оны әріптестері де іздеп жатыр. Ешқандай мәлімет жоқ, телефоны мүлдем ажыратылған. Көрген-білгендер болса, +77082095232 нөміріне хабар беруін сұраймыз», - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде еріктілердің іздестіру жұмыстары туралы жазба жариялады.