×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Еуроодақ санкцияны айналып өтетін кемелерге тыйым салуды талқылайды

09.05.2023, 10:19
Ашық дереккөз

Еуропа одағы Ресей мұнайына салынған тыйымды айналып өтетін кемелерді өз порттарына кіргізбеу жайын талқылап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаттықтың жазуынша, одақтың Ресейге салынатын санкцияларының 11-пакеті жобасында осындай шектеулер бар.

Еурокомиссияның тұжырымы бойынша, Ресей мұнайының жоғары бағаны және толық тыйымды айналып өтуге тырысатын кемелер саны, «алаяқ әрекеттер және сонымен байланысты экологияға төнер қауіп күрт артқан». Енді бір кемеден екіншісіне мұнай тиегені әшкере болған не сондай әрекетке барады деп күдікке ілінген кемелердің Еуропа порттарына тоқтауына тыйым салынуы мүмкін.

Bloomberg мәлім еткендей, Ресей Еуроодақ пен «Үлкен сегіздіктің» тыйымын айналып өту үшін ескі кемелерін пайдаланып жатыр. Мәскеу осындай 100 шақты ескі кемені кәдеге жаратып жатқанын былтыр қарашада Financial Times жазған.

Бұған қоса, санкциялардың 11-пакетінде навигация жүйесін өшіріп тастайтын кемелердің де Еуропа айлақтарына тоқтауына шек қою көзделген.

Еурокомиссия Ресейге салынатын жаңа санкцияларға қатысты бұл ұсыныстарды Еуропа одағы мүшелеріне 8 мамырда жіберген.

Серіктес жаңалықтары