×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда пандемия кезінде ішкі туризмге деген сұраныс артты

05.10.2021, 20:20
Қазақстанда пандемия кезінде ішкі туризмге деген сұраныс артты
Фото: ашық дереккөз

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елімізде туризм саласы тек 2024 жылға қарай пандемияға дейінгі қалпына келуі мүмкін, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-да жазылғандай, 11-ші Орталық Азия сауда форумында шетелдік саяхатшылардың легі алдағы екі жылда айтарлықтай өспейтіні айтылған. Қазақстан 16 мемлекетпен екі жақты шекарасын ашты. Дегенмен, биыл ел азаматтары тарапынан ішкі туризмге сұраныс артқан. 

Коронавирус пандемиясына байланысты соңғы жылдары Қазақстанда ішкі туризм қарқын ала бастады. Әсіресе, шекараның жабылуы отандық саяхатқа оң әсер етті. Сала мамандарының айтуынша, туристерге қонатын жер табу қиын емес, ал көлік, жол қатынасы әлі шешімін таппай келеді.

«Қазақстан бойынша автобус паркі, әсіресе, туристік автобустар 90% ескірген. 2022 жылдан бастап туристік автобустарды сатып алған жағдайда мемлекет 25%-3н субсидиялайды. Осылайша, біз транспорт мәселесін шешеміз деп ойлаймын. Пандемия уақытында 100-ге жуық санитарлық-гигиеналық құрылғылар орнатылды. Яғни, талапқа сай дәретханалар барлық жерде болады. Әлі 300 тазалық құрылғысы қажет, оларды 2023 жылға дейін орнатамыз.  2022 жылдан бастап 10% шығындарды өтеу нормасы жұмыс істейді. Егер кәсіпкер жол бойында қызмет көрсету орнын ашса, онда капиталдың 10%-ын мемлекет субсидиялайды», - дейді туристік компания басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Екі жыл бұрын Қазақстанға сегіз жарым миллион шетелдік турист келсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 75% азайған. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, пандемияға дейін болған туристердің легі тек 2024 жылы ғана қалпына келеді.