Қаңтар айының басынан бастап Конституциялық Сотқа конституциялық бақылау органына жүгінуге құқығы бар субъектілерден 2,7 мың өтініш түсті, оның 25 %-ы ғана заңдардың және өзге де құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру мәселесін көтерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Талдау көрсеткендей, өтініштердің 99%-ы азаматтардан келген, олар мына мәселелерді көтерген:
- сот шешімдерімен келіспеу – 42%;
- НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 25%;
- ақпаратқа қол жеткізу – 3,5%;
- еңбек заңнамасын сақтау – 1,3%;
- әлеуметтік қамсыздандыру – 1,4%;
- қылмыстық-атқару жүйесі – 1,4%.
Өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалаларының, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарының тұрғындары көш басып тұрғанын көрсетеді.
Жұмыстың бірінші айында Конституциялық Сот 826 өтініш тіркеді, олардың көпшілігі Конституциялық заң талаптарына сәйкес келмеген.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының, оның ішінде заңгерлік қоғамдастықпен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өтініштердің сапасы оң жаққа өзгерді, оған конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер де дәлел бола алады.
Қазіргі таңда 9 іс бойынша конституциялық іс қозғалды, тағы 44 іс судьялардың алдын ала зерделеуінде.