Ресейдің «Фаворит» кемесі апатқа ұшырап, Ақ теңіздің Кандалакша шығанағына батып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
tass.ru-да жазылғандай, Ресей тергеу комитетінің көліктегі Батыс өңіраралық тергеу басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Фаворит» кемесі апатынан аман қалған жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда тоңып кеткендіктен қайтыс болған.
«Із-түссіз жоғалғандар үшеу, бір ер адам тірі, бір әйел адам жедел жәрдеммен кетіп бара жатқан кезде көз жұмды», – делінген баспасөз хабарламасында.
5 қазанда түстен кейін Кандалакша шығанағының шығысында Ақ теңіздегі «Фаворит» жеке кемесінен апат туралы сигнал келіп түскен. «112» қызметіне кемедегі әйел хабарласып үлгерген.
Теңіз дауылы кезінде кеме суға жартылай батып кеткен. Кемедегілер құтқарушы салды киіп, жағаға жетіп алған. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде кемеде ешкім қалмаған.