Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды

Ulysmedia

Оқиға орнына келген дәрігерлер мектеп оқушыларының белгісіз затпен уланғанын анықтаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ktk.kz-ның мәліметінше, білім ошағына бірнеше жедел жәрдем көлігі шұғыл түрде жеткен. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға 5 қазан күні сағат 10.30-да №55 мектепте болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер мектеп оқушыларының белгісіз затпен уланғанын анықтаған.

«Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы келіп, жеті оқушы мен мектеп қызметкеріне алғашқы көмек көрсетті. Улану белгілері бар үш оқушы ауруханаға жеткізілді. Олар оттегі терапиясынан өтті. Оқушылар екі сағат бойы медициналық бақылауда болып, үйлеріне жіберілді», - деп толықтырды департамент.

Алдын ала ақпарат бойынша, тапа-тал түсте 9-сынып оқушыларыныбірі бірі мектеп ішіне қарақшылық шабуылдан қорғанатын газ баллонын шашқан. Газ баллоны қыздың әкесіне тиесілі болған.