×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қытайлық компания Қазақстанда полиэтилен шығарады

18.05.2023, 13:22
Коллаж: Ulysmedia.kz

"ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев Қытайдың екі компаниясымен ынтымақтастық туралы кесілімге қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Біріншісі полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы жайында. Былтыр Атырау облысында полипропилен шығаратын зауытты іске қосқан болатынбыз. Енді мұнай-газ-химия кешенінің екінші кезеңі – полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысына кіріспекпіз. Оның жылдық қуаттылығы 1 млн 250 мың тонна полиэтиленді құрайтын болады. Бұл біздің өңірдегі ғана емес, әлемдегі ең ірі жобалардың бірі болмақ”, – дейді ҚМГ басшысы.

Мырзағалиевтің айтуынша, бұл жоба ресейлік «Сибур» компаниясымен бірге қолға алынған. Енді Қытайдың Sinopec компаниясы шақырылып отыр.

«Sinopec – полиэтилен шығару қуаттылығы бойынша әлемде төртінші орында тұрған компания. Бүгін біз осы компаниямен нақты құжатқа қол қойдық. Серіктесіміз инвестиция құяды, өздеріңіз технологияларын әкеледі және шығарылған өнімді Қытайға экспорттайды», - дейді ҚМГ басшысы.

Оның сөзінше, зауыттың 40% үлесі «ҚазМұнайГазда» болса, ресейлік және қытайлық компанияның әрқайсысы 30% үлестен иемденбек.

Бұдан бөлек,  «ҚазМұнайГаз» Sinopec компаниясымен Ақтөбе облысында және Батыс Қазақстан облысында барлау жұмыстарын бірлесіп атқаруға келіскен.

Мағзұм Мырзағалиев Қытайдың CNPC компаниясымен де келісімшартқа қол қойылғанын айтты. Екі компания Қазақстан-Қытай құбырының қуаттылығын арттыру мақсатында бірігіп жұмыс істемек.

«Негізгі мақсат – Батыс Қазақстаннан шығарылған мұнайды Павлодардағы және Шымкенттегі зауыттарға дер кезінде жеткізіп отыру», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары