×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда шетел агенттері жайлы заң пайда болуы мүмкін бе – Жамаубаевтың жауабы

24.05.2023, 11:12
Фото: Ulysmedia.kz

Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда "шетел агенті" ұғымын енгізу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Қазақстанда шетелдік компаниялардан қаржы алатын компанияларға шетелдік агент мәртебесін беруді жоспарланып отырғанын атап өтті. Олар Ресейде мұндай тәжірибе бар екенін еске салып, оның біздің елде қолданылу мүмкіндігі жайлы сұрады.

"Бізде қолданыстағы заңнамада шетелдік агент сияқты ұғым қарастырылмаған. Бізде қаржыландыру көзін қадағалап отыруды көздейтін нормалар бар. Егер біреу шетелден қаржы алса, декларация тапсыруы тиіс. Басқа ештеңе қажет емес", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында шетелден қаржы алатын қазақстандықтар туралы ақпарат жарияланатыны хабарланған.

Жуырда Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңның пайда болуы жөніндегі сұрақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевқа да қойылған.

Серіктес жаңалықтары