Қонаевта триатлон жарысына қатысушы апатқа ұшырады

Ulysmedia

Желіде жол-көлік оқиғасының салдары түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Instagram желісіндегі видеоның авторы триатлон жарысына қатысушының жол апатына ұшырағанын айтады. Ол зардап шеккендер туралы мәлімет берген жоқ.

Кадрларда велосипедшінің өзі соқтығысқан көліктің жанында жерде жатқанын көруге болады. Жақын жерде екі велосипед бар. Оқиға орнында полиция қызметкері жүр. Көшеде кептеліс болып жатыр.

Полиция оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.