Сбербанк вице-президенті Марина Ракова ұсталды

Ulysmedia

Сбербанк вице-президенті, Ресейдің ағарту министрінің бұрынғы орынбасары, алаяқтық туралы іс бойынша күдікті Марина Ракова құрықталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz Ресейдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

фото: ria.ru

Марина Раковадан Мәскеу полициясының басты тергеу басқармасында жауап алынып жатыр. ТАСС пен «Коммерсант» дереккөздерінің мәліметінше, ол полицияға өзі келген.

Раковаға қарсы қылмыстық іс туралы 29 қыркүйекте белгілі болды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ағарту министрінің орынбасары болған кезде Білімді дамытудың жаңа формалары қорына бюджет қаржысының бөлінуіне атсалысқан. Бұл қор субмердігер ретінде «Шанинканы» жалдаған. Екі келісімшарт бойынша жұмыстар орындалмаған.

Ракованың әрекетінен келген залал 50 млн рубльді құрады. Оның үйінде тінту жүргізілді. Ракова содан кейін телефонын сөндіріп, байланысқа шықпады. Осыдан кейін оған іздеу жарияланды.