×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Егістіктерін киік таптап кеткен шаруаларға өтемақы төлене ме

06.06.2023, 13:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев киік санының көбеюінен шығынға батқан шаруаларға өтемақы төлеу мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Заңнамалық база болмаса, ешқандай көмек бере алмаймыз. Қазір нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр. Экология және табиғи ресрурстар министрлігімен ақылдасып, жауапкершілікті бөліп реттемекшіміз» – деді министр.

Оның сөзінше, заңнамаға түзету енгізілмесе, шаруаларға киіктен қомақты шығын келгеннің өзінде өтемақы төлеу мүмкін емес.

Айта кетейік, елімізде киік саны 1,9 миллионнан асты.

Бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин киіктің санының көбеюінен шығынға батқан шаруалар мәселесін көтерген еді.

«Киіктің киесінен қорқып, жануарға жанашырлықпен қарайтын қазақ үшін обал-сауаптың орны ерекше. Алайда бүгінгі күні жағдай мүлде басқаша болып тұр. Себебі киік санының күрт көбеюі шаруашылыққа жайлы болып тұрған жоқ. Соңғы мәліміттерге сәйкес киік саны 2 миллионнан асқан. Оның 90 пайызы Қазақстанның батысына тиесілі. Негізінде, салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылымдық жердің өзін айтпағанда, шаруа қожалықтары маңдай терімен еккен егістіктерді киіктер тобы бір таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржы желге ұшады», - деді Зейнуллин.

 

Серіктес жаңалықтары