×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Серік Күдебаев үкімге апелляциялық шағым түсірді

07.06.2023, 10:50
Серік Күдебаев үкімге апелляциялық шағым түсірді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жетісу облысы соты сотталған генерал-майор Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсіргенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күдебаевтың үкіммен келіспейтіні хабарланды. Апелляциялық шағым 29 маусымда қаралады.

Еске салайық, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткені хабарланған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Серік Күдебаевтың елден қашуына ІІМ жауапты емес екенін айтты.

Ал жуырда Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің  бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашу ісі бойынша төрт күдікті тергеліп жатқаны белгілі болды.