Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Наурызбай ауданы Қарғалы шағынауданы тұрғындарының шағымы таралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тұрғындар екі апта бойы сусыз отырғандарын айтады.
"Наурызбай ауданының әкімдігі бөлген 3 су таситын көлік ауданның суға деген қажеттілігін іс жүзінде өтемейді. Біздің қарапайым отандастарымыз, шағынаудан тұрғындары не тамақ пісіре алмайды, не балаларына су бере алмайды, кір жуу, жай ғана жуынудың өзі мұң", - делінген хабарламада.
Ең қиыны,су таситын көліктер тек белгілі бір жерлерге тоқтайды, егде зейнеткерлерге бірнеше бөтелке суды үйлеріне дейін тасу оңайға түспейді.
Бұған дейін "Алматы су" ЖШС Наурызбай ауданының шағынаудандарын сумен қамтамасыз ететін сүзгілеу станцияларында су алу уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.
Мұның себебі – судың шамадан тыс лайлануы.
Компаниядағылар Ulysmedia.kz тілшісіне бастоған бүгін, яғни 15 маусымда ашылғанын мәлімдеді.