Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды”, – делінген Аөорда хабарламасында.
Даниал Ахметов – қазақстандық билік олимпінде ұзақ орныққандардың бірі.
Еңбек жолын 1976 жылы Екібастұзда Бүкілодақтық комсомол құрылысында прораб болып бастаған, кейін инженер, әкім, министр, премьер-министр орынбасары және премьер-министр лауазымына дейін көтерілді.
2014 жылдан бастап табан аудармай Шығыс Қазақстан облысын басқарып келеді.
Айта кетерлігі, Ахметов әр кезіккен сайын оның зейнет жасында екенін еске салудан шаршамайтын журналистердің шабуылына табандылықпен тойтарыс беріп келеді.
Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында ол әкім лауазымында тағы қанша уақыт отыруға ниетті екенін айтқан еді.
Сондай-ақ, ШҚО әкімі Қазақстанды "елбасысыздандыру" процесіне қатысты пікір білдірген.
Бұдан бұрын Даниал Ахметовтың орнына ұсынылған 3 кандидаттың есімі аталған болатын.