×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мемлекет дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді - Тоқаев

18.06.2023, 08:53
Ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-аккаунтында.

Бүгін адам жанының арашасы – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1998 жылы Президент Жарлығымен бекітілген бұл мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Кеше Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сала мамандарын құттықтап: «Дәрігер немесе денсаулық сақтау маманы болу – мақтаныш пен абырой!», - деген болатын.

Серіктес жаңалықтары