×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Орман өртіне қатысты тергеу: Сүлейменова жауапқа тартылуға дайын ба

19.06.2023, 16:31
Орман өртіне қатысты тергеу: Сүлейменова жауапқа тартылуға дайын ба
Коллаж: Ulysmedia.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Семей орманындағы өртке байланысты жауапқа тартылуға әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бас прокуратура тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Егер оның барысында жұмысыма қатысты сауалдар туындайтын болса, онда ол үшін біз жауапкершілікке тартылуға әзірміз», – деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ, министр өртті сөндіруге кедергі келтірген факторларды атады.

«Абай облысындағы өрт оқиғасына материалдық-техникалық базаның төмендігі де әсер етті. Қазір қолданыстағы техникаларды есептен шығару қажет», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

Еске салайық, “Семей орманы” аумағында өрт  8 маусымда тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия 10 күн тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Ал Бас прокуратура борман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.