Атырау облысында 61 жастағы монтер мерт болды. Оны жұмыс барысында тоқ соққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қайғылы жағдай 21 маусым Атырау облысындағы Мақат кентінде болған.
"Атырау-Жарық" АҚ-ның баспасөз қызметінен мәліметінше, Мақат кентіндегі Алаш көшесінде орналасқан КТПГ-04/6кВ жабдығын профилактикалық сынау-тексеру жүргізілген.
"Сол кезде электр монтерді РУ-6 кВ жоғары кернеулі желісінен ток соққан. Монтердің электр қауіпсіздігі бойынша IV разрядты рұқсат құжаты болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда монтер оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Аталған дерекке орай сотқа дейінгі тергеу басталды.
Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бабы бойынша қозғалды.