×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Клебанов даудан арылмаған Екібастұз ЖЭО-дағы үлесінен бас тартқаны рас па

29.06.2023, 17:33
Коллаж: Ulysmedia.kz

«Павлодарэнерго» АҚ Александр Клебановтың Екібастұз ЖЭО акционерлері қатарынан шыққанын жоққа шығарды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын кейбір ақпарат құралдары Сергей Кан жылу электр орталығының акционері болып қалғанын, ал Клебанов ол тізімде жоқ екенін жазған.

Шындығында бұл ақпарат жалған, – деп мәлімдеді «Павлодарэнерго» АҚ.

Компания мәліметінше, Александр Клебанов та «ОАЭК» АҚ акционерлерінің құрамында. Ол 47,1 % үлеске ие. Осынша үлесті, яғни 47,1 %-ды Сергей Кан да алып отыр. Ал KIF ENERGKY S. A. R. L компаниясы  4,01 пайызды иеленсе, «ОАЭК» АҚ  1,79 % -ға иелік етіп келеді.

Кәсіпорында «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының» екі еншілес энергетикалық компаниясы бар. Оның бірі –  Севказэнерго» АҚ, екіншісі – «Павлодар энерго» АҚ.

Еске салайық, өткен жылдың қарашасында Клебановқа тиесілі Екібастұз ЖЭО-да апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалған еді. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары созбаққа салынды.

8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Ақпан айының басында өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

15 ақпанда компанияға жаңа басшы тағайындалды

Жуырда өңірлерді дамыту жөніндегі Парламенттік тыңдауда Екібастұздағы жылу мәселесі көтеріліп, сенатор Алтынбек Нұхұлы қаладағы жылумен жабдықтау жүйесіне жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының ұзаққа созылып кеткенін сынға алған болатын.

11 сәуірде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр аудит аяқталғанын мәлім етті. Оның сөзінше, Екібастұз тұрғындары келесі жылыту маусымында жылудан таршылық көрмейді. Скляр ЖЭО-ның бір бөлігі мемлекет есебінен жөнделетінін жеткізді. Ал "Екібастұзжылуэнерго" өздеріне тиесілі қондырғыларды қаржыландырады. Екі жақтап қаржы көлемін арттырып, жылумен жабдықтау мәселесін шешу уәде етілді.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Екібастұз билігі өткен жылдың 28 қараша мен 8 желтоқсаны аралығында қаладағы жылу желілерінен шыққан апат салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланған уақытта жұмсалған шығынды өндіріп алу үшін монополисті сотқа берген. Сот шешімі бойынша әкімдік компаниядан 22 млн теңге өндіріп алды.

Сонымен қатар, жуырда Екібастұздың жылу желілеріндегі апатқа кінәлі екі шендінің ісі сотқа жіберілгені белгілі болды.

Бүгінде Екібастұз жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәжілісмендердің сынынан кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Екібастұз ЖЭО-дағы жағдайды өз көзімен көріп қайтуға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары