Премьер-министр Әлихан Смайылов депутат Махаррам Махаррамовтың зиянды тағамға салық енгізу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еске салайық, мамыр айының соңында Махаррам Махаррамов жидек пен саңырауқұлақ теруге салық енгізу жоспарын сынаған болатын. Ол денсаулыққа зиянды азық-түлікке салық салу тәжірибесі әлемде жиі кездесетініне тоқталды.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, халық арасында жоғары сұранысқа ие, бірақ аса қажетті азық-түлікке жатпайтын тауарларға акциз салынады.
«Сондықтан, бүгінде жаңа салық салудың қажеті жоқ», - деп жауап берді ол.
Депутат сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға денсаулыққа пайдалы өнімдерді сатып алатын жолдамалар беруді ұсынды. Премьер-министр атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған халықты табысының төмендеуінен қорғау үшін қарастырылғанын атап өтті.