Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр

Ulysmedia

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл оқиға туралы 7 шілдеде сағат 23:00-де белгілі болды

«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жайт туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған комиссия балық қырылды деген орынды тексеру үшін жолға шықты», -деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бұрын Атыраудағы Нарын каналында да балық қырылғаны айтылған. Нарын каналы Исатай ауданында орналасқан. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, олар балық қырылған аумаққа барып, тиісті алгоритмге сәйкес мәселенің мән-жайын зерделеу жүргізуде.