Атырау облысындағы өрт әлі сөндірілмей жатыр

Ulysmedia

Аймақтағы ТЖД Атырау облысындағы өртті екінші күн қатарынан ауыздықтай алмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

“Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағы 690 гектарды құрады”, - деп жазды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

Аэровизуалдық тексеру кезінде ашық жану анықталмаған. Жекелеген ошақтарда қамыс жануда.

“Тікұшақтармен (ТЖМ МИ-869 "Қазавиакөлік" АҚ) бүгін сағат 08:30-да 11 су ағызу жұмыстары жүргізілді. Сөндіру жалғасуда», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Ақжайық» ГПР, «Қазавиаспа» АҚ күштері мен құралдары – барлығы 97 адам, 15 бірлік техника және 4 мотопомпа жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау өңірінде құрғақ шөптің өрті жойылған болатын.