×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

"Жынданып кеттім": БАҚ Пригожиннің бүлігін оның сырқатымен байланыстырды

12.07.2023, 17:31
фото: ашық дереккөзден

"Вагнер" ЖӘК басшысына жақын бірнеше адаммен сұхбаттасқаннан кейін Евгений Пригожиннің оларға бүлікті қалай түсіндіргені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Проект" басылымының журналистері Евгений Пригожиннің оншақты танысы мен қызметкерлерінен сұхбат алып, “Вагнер” басшысының қылмыстық және психологиялық портретін құрастырды.

Сұхбаттасушылар бүлікті Пригожиннің импульсивті мінезімен байланыстырған. Ол өзінің қарамағындағыларға болған жағдайды "жынданып кеттім" деп түсіндірген.

Осыған ұсқас нұсқаны көтерілістен бірнеше күн өткен соң Кремльдің негізгі насихатшыларының бірі Маргарита Симонян да айтты.

Сонымен қатар, Пригожиннің онкологиялық аурумен ауырғаны туралы хабарланды.

Дереккөздердің бірі Пригожиннің ұзақ уақыт бойы қатерлі ісіктен емделгенін және ауыр терапиядан өткенін айтты, қазір ісіктің үлкею процесі тоқтаған сыңайлы. Пригожин қатаң диета ұстауға мәжбүр болған.

Көтерілістен кейін қауіпсіздік қызметкерлері Пригожиннің тұрғылықты жерін тінтті, ал БАҚ жариялаған суреттердің бірінде реанимациялық төсек, механикалық желдету аппараты және оттегі концентраторы бар бөлме болды.

Пригожиннің таныстары денсаулық жағдайы оның бүлік шығару туралы шешіміне әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, дейді тергеу авторлары.

"Бұл асқазан мен ішектері кесілген адам!"- "Вагнер" ЖЭК негізін қалаушысының таныстарының бірі.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді. 

Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.

Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.

Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.

25 маусымға қараған түні  «Вагнер» жауынгерлері  Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.

Бүліктен кейінгі халыққа жолдауында Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларына екі жол ұсынды.

Сондай-ақ, "Вагнердің" бұдан былай Украинадағы соғысқа қатыспайтыны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары