Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 51 адам көз жұмды

Ulysmedia

Қазақстанда өткен тәулікте 1863 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.Қазақстанда өткен тәулікте 1863 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі  ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, коронавирустық инфекция белгілері мен пневмонияның өлімінің тіркелген жағдайлары туралы деректер жаңартылды,

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 8 қазанда COVID-19 ПТР тест оң нәтижесімен 41 өлім тіркелді, теріс нәтиже көрсеткен 10 өлім (коронавирус белгілері бар пневмония). Сондай-ақ өңірлердегі деректер де жарияланды.