×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Арнайы қызмет Симонян мен Собчакты өлтіруге тапсырыс берді - Ресей ФСБ

15.07.2023, 17:38
Ашық дереккөз

Ресей Федералдық қызметі ресейлік тележүргізушілер Маргарита Симонян мен Ксения Собчакты өлтірмек болған украиндық арнайы қызметтің әрекетіне жол бермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ФСБ хабарламасында «Симонян мен Собчактың жұмыс және тұрғылықты мекен-жайында барлау жүргізген «Параграф-88» тобының неонацистерінің ұсталуы» туралы айтылған.

Олардан патрондары бар Калашников автоматы, резеңке сойылдар, пышақтар, жезден жасалған қару мен қол кісендері тәркіленгені атап өтілді. Федералдық қызмет қастандық «SBU нұсқауы бойынша» әр кісі өлтіру үшін 1,5 миллион рубль сыйақы алу үшін дайындалғанын айтты.

Еуропалық Одақ Симонянға ақпан айында санкция салып, оны ресейлік насихаттың «орталық тұлғасы» деп атады. 2022 жылдың 24 ақпанында Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Google RT және барлық ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа өз веб-сайттарындағы жарнамалардан ақша табуға тыйым салды.

2022 жылдың басында тағы бір «Единая Россия» партиясы Сұлтан Хамзаев қаңтар оқиғасы тұсында ғаламторда Орталық Азияны «Ресей жері» деп атап, «Қазақстанның Ресейге қайта қосылуы туралы референдум өткізуді» қолдайтын жазба жариялады. Ал журналист Маргарита Симонян халық толқуларына түсініктеме бере отырып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін «күлкілі» деп атады. Ресей Федерациясының Украинаға әскери шабуылы басталғаннан кейін бір ай өткенде РФ Коммунистік партиясының депутаты Сергей Савостьянов Қазақстанды «деназификация» аймағына қосуға шақырды. Бір айдан кейін тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстандағы әскери парадтың тоқтатылуына көңілі толмай, қазақстандықтарға «Украинаға қарап, байыпты ойлануға» кеңес берді.

Тамыз айының басында Медведев шовинизм эстафетасын өз қолына алды, оның ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында «Киевті азат ету» және «Грузияны Ресейге біріктіру» туралы жазба пайда болды, ал Қазақстан Республикасы «жасанды мемлекет» деп аталды. Пост 10 минуттан кейін жойылды. ВКонтакте желісінің баспасөз қызметі Медведевтің парақшасы бұзылғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары