Атырау қаласының іргесіндегі Талғайран-2 ауылында жаңбыр мен желдің салдарынан тұрғын үйлердің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
15 шілде күні сағат 22:00-де 10 минутқа созылған жаңбыр мен қатты желдің салдарынан Талғайран-2 ауылында екі үйдің шатыры ұшып кеткен. Сондай-ақ электр бағанасы опырылып, ауылдың электр қуаты өшіп қалған.
Қазір «Атырау-Жарық» АҚ-ның жұмыс тобы ауылды жарықпен қамтамасыз ету үшін қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.
Айта кетейік, 15 шілдеде Атырау облысында синоптиктер найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп болжады.