Аэроклубтын L-410 ұшағы Мензелинск қаласына құлады. Борттағы 23 адамның 16-сының тағдыры не болғаны белгісіз, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ТАСС-тың мәліметінше, Ресейдің Төтенше жағдай министрлігі осындай жағдай болғанын растады.
«Сағат 09:23-те Мензелинск қаласына жеңілмоторлы ұшақтың құлағаны туралы хабар келді. Өрт сөндіру – құтқару қызметі оқиға орнына бара жатыр», - делінген хабарламада.
Бортта 23 адам болған, оның 21-і парашютшілер. ТЖМ-ның хабарлауынша, ұшақтағы 16 адамның тағдыры не болғаны белгісіз.
«4 адамды құтқарушылар құтқарып қалды. Жұмыс жалғасуда. Барлығы 7 адам құтқарылды», - делінген хабарламада.