Жамбыл облысында тағы бір жарылыс: Мұндай жағдай қайталануы мүмкін

Ulysmedia

Бүгін  Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттардың өртенуіне қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің офицер майоры пікір білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24.kz-ның мәліметінше, осы оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің офицер майоры Ғани Нүсіпов пікір білдірді.

«Ғимараттар мен құрылыстар зақымданбаған. Аудандағы ахуал тұрақты. Алдағы уақытта да мұндай оқиғалар болуы мүмкін. Одан бөлек, қойма аумағындағы оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жүргізілуде», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін  жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпағанын жазған болатынбыз.