Қоғам қайраткері Санжар Боқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты Алматыдағы Дінмұхамед Қонаев атындағы сквердің жағдайын жақсартуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Боқаевтың сөзінше, түнде скверде тас қараңғы, өйткені шамдар жанбайды.
Сондай-ақ, қоғам қайраткері онда “бәрі қирағанына” назар аударды.
"Сымдар жалаңаш жатыр, мұндай балалар көп жүреді. Қайғылы жағдай болғанын күту қажет пе?",- дейді ол.
Боқаевтың айтуынша, шенеунік қалада "мүлде жаяу жүрмейді", сондықтан бұл мәселелер туралы білмеуі мүмкін.
Сондай-ақ, қоғам қайраткері Қонаев скверінің жай-күйін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев саябағымен салыстырып, соңғысына көп ақша салынатынын атап өтті.
Егер қала билігі жағдайды түзетпесе, Боқаев әкіммен жеке жүздеспек.
Дінмұхамед Қонаев – Қазақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. Ол Қазақстанды іс жүзінде 25 жыл басқарды. Статистика бойынша, осы жылдар ішінде Республиканың өндірістік әлеуеті 700%-дан астам, өнеркәсіп көлемі – 9 есе, ауыл шаруашылығы – 6 есе, күрделі құрылыс – 8 есе өсті.
Айта кетейік, бұдан бұрын Досаев Алматы әкімдігінен автотұрақтарға төленген миллиардтартың кімнің қалтасына түскенін жария етуді талап еткен.