×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы 2 есе қымбаттайды

26.07.2023, 16:11
abilet.kz

1 тамыздан бастап елорда әуежайының автотұрақ тарифіне өзгеріс енеді. Тамыз айының басынан P1, P2, P3 аймағындағы автотұрақ бағасы 100 теңгеден 200 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, P4, P5, P6 аймағындағы көлік тұрағының бағасы сағатына 50 теңгеден 100 теңгеге өзгереді.

«Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған отырғызу-түсіру экспресс жолағын теріс пайдалану фактілерінің көбеюіне және жолаушылардан келген шағымның артуына байланысты 15 минуттық тегін отырғызу-түсіру жолағына тәулік ішінде үшінші рет немесе одан да көп кірген жағдайда жаңа тариф бойынша 300 теңге төлейсіз», - делінген хабарламада.

Автотұрақ тарифінің өзгеріске ұшырауына коммуналдық тарифтердің өсуі сеп. Дегенмен әуежайдағы автотұрақ бағасы тасымалдаумен айналысатын өзге нысандардағы бағадан едәуір арзан.

«Алайда әуежайдағы жабық тұрақтың құны еш өзгеріссіз қалады. Жабық тұрақ ішкі рейстер орындалатын T2 терминалының оң жағында орналасқан. 274 орынға шақталған жабық тұрақтың құны 12 сағатқа 1400 теңге. Тәулігіне 1800 теңге. 12-24 сағат аралығында 2000 теңге», - делінген хабарламада.

Астана әуежайының әкімшілігі ақылы тұрақтарға балама ретінде жабық тұрақтың тура жанында орналасқан тегін тұрақты ұсынып отыр. Тегін тұрақ көбіне жартылай бос болатыны атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары