Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Ulysmedia

Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

“Бұл менің қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ретінде елорда медицинасының жетістіктері туралы соңғы жазбам. Бүгін елорданың қалалық денсаулық сақтау басқармасындағы соңғы жұмыс күнім. 3 жыл... Осы уақыт ішінде біз сіздермен бірлесе отырып, медициналық көмектің сапасын арттырып, басым бағыттарды жетілдірдік, қолайлы еңбек жағдайын жасап, күн сайын адам өмірін сақтап қалу үшін, денсаулықты сақтау үшін күресіп келеміз”, – деп жазды Тимур Мұратов әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Ол өзінің қызмет еткен уақыты пандемиямен – коронавирустық инфекцияның таралуымен тұспа-тұс келгенін еске салады.

Коронавирустық пандемия кезеңі әрқайсымыздың есімізде қоғамдық денсаулық игілігі үшін жедел шешімдер қабылдауды талап ететін жаңа шындықтардың уақыты ретінде есте қалады. Қиын болды, бізді болашақта не күтіп тұрғанын ешкім түсінбеді. Алғашында инфрақұрылым, кадрлар, техника жетіспеді… Бірақ мемлекеттің қолдауының арқасында, қала әкімшілігінің, еріктілер мен белсенділердің көмегімен осы шиеленіскен кезеңнен аман қалдық”, – дейді экс-басшы.

Тимур Мұратов он мыңдаған өмірлер құтқарылғанын, ұйқысыз күндер мен түндер өткенін, мыңдаған жедел жәрдем бригадалары, 8 мыңға дейін науқасқа төсек-орындарды ұйымдастырылғанын еске салады. Сол уақытта екі ірі инфрақұрылымдық жоба қолға алынды: 250 төсектік жаңа перинаталды орталық, №2 көпсалалы қалалық ауруханаға қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы басталды.