Қырғызстанда жүк көлігі өтіп бара жатқан көпір құлады

Ulysmedia
ru.sputnik.kg

Ош облысында үстінде жүк көлігі жүріп бара жатқан көпір құлады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Sputnik Кыргызстанның мәліметінше, көмір тиелген жүк көлігінде екі адам болған. Олар көліктен секіріп үлгерген.

«Оқиға бүгін сағат 15:20-да Ош-Папан-Кожокелен Кара-Суу ауданы бағыты бойынша автожолда болды», - делінген ТЖМ-ның баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнына оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы барды.