×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыдағы өрт: "Ақкент" тұрғындары пәтерлеріне қашан оралады

03.08.2023, 13:21
2gis.kz

Алматы әкімдігі  "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өртенген пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстары жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"1 тамызда өрт кезінде зардап шеккен "Ақкент" ТК тұрғындары өрттің салдарын жою үшін қажет көмек алады. Тұрғын үй кешенін салушы – "Ayt housing Complex" ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді", - деп хабарлады әкімдік.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданған:

  • 2 қыркүйекке дейін "Ақкент" ТК пәтерлерінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру;
  • құрылыс салушының қаржысы есебінен кіреберіс алаңдарына жөндеу жүргізу;
  • құрылыс салушының қаржысы есебінен есіктер мен терезелерді ауыстыруға, құтқару операциясы барысында тартылған балкондарды жөндеуге жұмсалатын шығынды өтеу;
  • пәтерлерде әрлеу жүргізу (левкас/қабырғаларды, төбелерді бояу (жөндеуден кейінгі жұмыстарды тұрғындар өздері жүргізеді);
  • барлық жұмысты аяқтап, пәтерлерге 20 қыркүйектен кешіктірмей кіруге рұқсат беру;
  • пәтерлерді қалпына келтіру кезеңінде тұрғындарға уақытша тұруға қатысты шығынды өтеу немесе ТЖ желісі бойынша шаралар аясында тұрғын үй беру;
  • Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге денсаулықты қалпына келтіру бойынша, оның ішінде тегін медицина көмегінің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (мамандандырылған емдеу, емдеуге жатқызу) шеңберінде медицина көмегін көрсету;

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды.

Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Кейіннен оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шеккені мәлім болды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті  "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде әйелдің қаза болуының мән-жайын айтып берді.

Бұдан бұрын  өртенген тұрғын үй кешенін салған компания мен оның басшылығы жайлы деректерді жариялағанбыз.

Серіктес жаңалықтары