×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Шенеуніктер 3,5 мың кәсіпкерге заңсыз айыппұл салған

04.08.2023, 13:35
фото: ашық дереккөзден

Елімізде кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту кезіндегі бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокуратура органдары мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлерге екі ай мерзімінің өтуіне қарамастан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 92-1 бабы (МӘМС туралы заңнаманы бұзу) бойынша барлық жерде әкімшілік жаза қолданғанын анықтады.

Мысалы, Ақмола облысының Бұланды ауданында құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 4 айдан кейін ЖШС ӘҚБтК-нің 92-1-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Орта кәсіпкерлік субъектісіне 438 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Прокурорлар барлығы 3,5 мың осындай істі анықтады. Бүгінге прокурорлардың актілері бойынша 2,5 мыңнан астам айыппұл мен ескерту алынып тасталды. Заңсыз салынған әкімшілік жазаларды қайта қарау жалғасып жатыр", – деп мәлім етті Бас прокуратура.

Қазір ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді белгіленген мерзімдер өткеннен кейін қозғау тәжірибесі салық органдарымен тоқтатылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Қазақстанда кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам негізсіз талап қойылып келген.

Серіктес жаңалықтары