Жаңа Жамбыл фосфор зауытындағы жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды, тергеу жүргізілуде. Алдын ала себеп – қауіпсіздік техникасының сақталмауы", – деп мәлім етті зауыттың баспасөз қызметі.
Зауыт мәліметінше, №7 цехтың жүк ілушісі Орманов Данияр және №31 цехының шикізатты дайындау жөніндегі жетекші инженері Қалдыбай Шахадиярдың дененің әртүрлі бөлігін химиялық күйік шалған. Орманов 22% күйікпен реанимацияда жатыр, оның жағдайы тұрақты, ауруханаға 15% күйікпен Қалдыбайдың жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Еске салайық, 3 тамызда фосфор зауытындағы жарылыс салдарынан екі жұмысшы зардап шекті.
Жаңа Жамбыл фосфор зауыты Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары бақылайтын "Қазфосфат" ЖШС құрамына кіреді.
Сәуірде Сарысу ауданында «Қазфосфат» компаниясының жұмысшылары ереуілге шығып, басшылықтан айлықты көтеруді талап еткен.