Қазақстанға өткен тәулікте ұшып келген 5 596 авиажолаушының бәрінде ПТР-тест анықтамасы болды

Аян Өрібай

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, 11 қыркүйекте Қазақстан аумағына  Германия, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Египет, Армения, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 41 халықаралық әуе рейсі келген, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.   

ұшақ

Өткен тәулікте 5 596 авиажолаушы келді. Оның ішінде:   

  • Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 3 095 жолаушы;    
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 635 жолаушы;   
  • Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 101 жолаушы;   
  • Ақтау қаласының әуежайына – 4 рейс, 377 жолаушы;
  • Ақтөбе  қаласының әуежайына - 2 рейс, 267 жолаушы;                                                                                 
  • Түркістан  қаласының әуежайына - 1 рейс, 121 жолаушы;

«Барлық жолаушы COVID-19 індеті бойынша ПТР тест анықтамасымен келген», - делінген комитеттің хабарламасында.

Фото: ашық дереккөздерден