×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстандықтардың жылуға төлеген 1 миллиардқа жуық теңгесі қайтарылды

10.08.2023, 10:12
фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті  Қазақстан бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмысы аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың дербес шотында жылу маусымында (2023-2024 жылдары) не күнтізбелік жылда (2023 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен жазылады.

“Өткен 2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырып жалпы сомасы 957 807,22 мың теңгеге қайта есептеу жүргізді”, – делінген хабарламада.

- Астана қаласы бойынша – 514,491 мың теңге;

- Алматы қаласы бойынша – 15 876,45 мың теңге;

- Абай облысы бойынша – 755,134 мың теңге;

- Алматы облысы бойынша – 9 199,56 мың теңге;

- Ақмола облысы бойынша –  18 924,83 мың теңге;

- Атырау облысы бойынша – 11 640,57 мың теңге;

- Ақтөбе облысы бойынша – 6 211 мың теңге;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша –  445 840,44 мың теңге;

- Жамбыл облысы бойынша – 79 096,62 мың теңге;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 1 976,25 мың теңге;

- Қарағанды облысы бойынша –  338 261,08 мың теңге;

- Қызылорда облысы бойынша –  21 627,50 мың теңге;

- Маңғыстау облысы бойынша – 1 214,63 мың теңге;

- Павлодар облысы бойынша – 2 044,91 мың теңге;

- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 623,75 мың теңге.

Бұл ретте, Шымкент, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Түркістан облыстарының тұтынушылары үшін қайта есептеу болмайды, өйткені жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізілген.

Айта кетейік, осы айда қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін жаңа баға белгіленген түбіртектерді ала бастайды.

Серіктес жаңалықтары