"Прокурордың ұлы": Шымкентте гүл дүкеніне шабуыл жасаған кім

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі гүл дүкендерінің біріне жасалған шабуылдың видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Қызу талқыланып жатқан видеода ер адамның сатушыдан гүлі тартып алып, соққыға жыққанын көруге болады.

Желідегілер дүкеншіге күш көрсеткен адамның прокурордың ұлы екенін жарыса жаза бастады. 

Алайда қалалық прокуратура бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. 

“8 тамыз 2023 жылы әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ –да «Romantic» гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін жасаған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған. Аталған адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

Полиция күдіктінің 7 күнге қамалғанын хабарлады. Алайда сатушы арыз жазудан бас тартқан көрінеді.