×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген қазақстандықтар қанша айыппұл арқалағаны белгілі болды

11.08.2023, 12:14
әлеуметтік желіден

ҚР СІМ Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға ел шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін қандай жаза тағайындалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“10 тамызда Корея Республикасының мемлекеттік шекарасын 2023 жылдың наурыз айында заңсыз кесіп өткен Қазақстанның екі азаматына қатысты сот үкімі шықты. Инчхон қаласының аймақтық соты ҚР азаматтарының әрқайсысына 3 млн корей вон көлемінде (1 млн теңгеден астам) айыппұл салу, одан кейін елден депортациялау туралы шешім шығарды”, – делінген хабарламада. 

Айыппұлды сот белгілеген мерзімде (7 күн) төлей алмаған жағдайда, оларға айыппұлды өтеу үшін 30 күн жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

Қазақстандық дипломаттар ҚР азаматтарына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетті, олардың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста болғаны, сондай-ақ сот процесіне қатысқаны атап өтілді.

Еске сала кетсек, биыл наурыз айында Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі бірден ұсталғаны хабарланған болатын. Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев . Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандасымызға іздеу жарияланғанын мәлім етті.

Оңтүстік Корея билігі іздеудегі қазақстандықты ұстап берген адамға 10 млн теңге сыйақы берілетінін жариялаған. Көп өтпей Нұрсұлтан Ырысбаевтың полицияға өз еркімен берілгені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары