×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматылықтар атышулы Q-net қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған

16.08.2023, 08:41
фото: ашық дереккөзден

«Q-net» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша ұсталғандарды тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды.

Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген.

“Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды.Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Ведомство қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша Sincere Systems ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шыққан.

 

Серіктес жаңалықтары