×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

«Назарбаев қоры» активін тергеген БАҚ-ты сотқа берді

22.09.2022, 16:19

Назарбаев қоры британдық Telegraph, OpenDemocracy және Bureau of Journalism басылымдарын «Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коммерциялық емес ұйым арқылы 7,8 миллиард доллар активін қалай басқаратыны туралы жарияланымдарымен жала жапты» деген айыппен сотқа берді. Бұл туралы The Guardian-ге сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Мамыр-тамыз айлары аралығында басылымдар мен бюроларға материалдарының дұрыс еместігі жөнінде бірнеше «алдын ала хат» түскен.

16 тамызда Англияның Жоғарғы сотына Назарбаев Қоры мен Ұлыбританиядағы Companies House-те тіркелген Jusan Technologies компаниясының атынан талап арыз түскен. Талапкерлер тергеуде көрсетілген фактілерді жоққа шығаруды, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуді талап етеді.

«Сотта келтірілген хабарламалар өтірік екенін дәлелдейтін уақытты асыға күтіп жүрміз. Біз Назарбаев мырзаға бағынбаймыз және ол кісінің бақылауында емеспіз. Оған пайдамыз тиіп жатқан жоқ», - дейді қор мен Jusan Technologies мүдделерін қорғайтын Boies Schiller Flexner заңгерлік фирмасы.

Журналистік зерттеу бюросы мен OpenDemocracy қорғаушы заңгерлер сот жұмысына ықпал ете ме қауіптенеді. Арызда көрсетілнен сомалар «қаржылық жағынан күйретіп кетуге қауқарлы екені» жазылған. Екі басылым бүгінге дейін бұл іске байланысты ондаған мың фунт ақша жұмсаған.